Алматы қаласының экологиясы бойынша кейсті шешіп, 1 000 000 теңге жүлде қорын ұтып ал
ALMATY ECOLOGY
TECH CHALLENGE
Идеяңызды минималды өміршең өнім (MVP) жасау арқылы жүзеге асырып, 10 мамыр күні өтетін байқау финалында ұсыныңыз.
Бұл жай ғана байқау емес, Алматының экологиясын жақсарту мүмкіндігі
Жобаға кіріспес бұрын Равкат Мұхтаровтың «Алматы экологиясы туралы кейсін» зерттеуден бастаңыз. Бұл құжат сұрағыңызға тікелей жауап бермесе де, қажет ақпарат пен мәселенің шешімін табуға шабыт беретініне сенеміз.
Қазір экология саласында Алматы қаласының ең өзекті мәселесі – ауаның ластануы. Бұл қоршаған ортаның жағдайына ғана емес, адамның денсаулығына тікелей әсер ететін біліміз. Осыған орай, байқаудың мақсаты – Алматыдағы ауаның ластану мәселесін шешуге бағытталған технологиялық жоба шығару. Өз тәжірибеңізге сүйенген инновациялық әрі тың идеяларыңызды күтеміз!
Құрметті студент, Алматы қаласының күрделі мәселесін шешіп, еліміздің экологиясына үлес қосқыңыз келсе, байқауға қатысуға шақырамыз! IT Qaimaq, Digital Nomads, Astana Hub және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қабілетіңізді көргісі келеді.
Сынақ туралы

Равкат Мұхтаров ұсынған кейс

Равкат Мұхтаров – азаматтық белсенді әрі экономист-эколог. Ол қаланың экологиялық мәселесін шешу үшін арнайы «Алматы экологиясы туралы кейсін» жасап шығарды. Оның тұрақтылық және қоршаған ортаны қорғау саясаты туралы білімі қатысушыларға мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
10 мамыр күні Astana Hub алаңында өтетін финалда тың идеяңызды ұсынып, Экология және табиғи ресурстар министрлігімен серіктестік орнатыңыз.
Даму жолы
Әсер ету
Үздік командалар Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Алматы қаласының экология департаментімен серіктес атанып, жобаларын әрі қарай дамыта алады.
Тәлімгерлік
Дағдыңыз бен кәсіби ортаңызды кеңейтіп, Google, Meta және Amazon сияқты компаниялардың білікті мамандарынан тәлімгерлік алыңыз.
Жүлде коры
Экологиялық мәселені шешіп, 1 млн теңге көлеміндегі жүлде қорын ұтып алыңыз.
Неліктен қатысуыңыз керек?
Кім қатыса алады?
немесе осыған ұқсас салада тәжірибеңіз болса, өзіңізді сынап көріңіз!
  • Information Technology
  • Computer Science
  • Data Science & Analytics
  • Machine Learning
  • Environmental Informatics
  • Scientific Research
Егер сізде:
Байқауға экологиялық мәселені өз тәжірибесіне сүйеніп шешкісі келетін Қазақстанның кез келген студенті қатыса алады.
Қалай Қатысамын?
  • Команда құрыңыз
    Команда 3-7 адамнан тұруы керек. Егер адам саны толық болмаса, уайымдамаңыз. Команда туралы ақпаратты Google формада кейін толтыра аласыз.

    Сондай-ақ, арнайы Telegram арнамызда командаға қосымша адам іздей аласыз.

    01
  • Команданы тіркеңіз
    Топ мүшелерінің аты-жөні мен университетіне қатысты ақпаратты жібергеніңізге көз жеткізіңіз.

    Жетекшінің байланыс нөмірін қалдыруды ұмытпаңыз.
    02
  • Telegram арнамызға қосылыңыз
    Тіркелгеннен кейін сіз телеграм каналына сілтеме аласыз - оған қосылуды ұмытпаңыз.

    Бұл арнада хабарландыру мен қажет ақпарат жарияланады.
    03
Команда керек пе?
Командаға қосымша адам іздесеңіз не өзіңіз басқа командаға қосылғыңыз келсе, Telegram арнамызға тіркеліңіз.
Кесте
Наурыз,
2024 жыл
Наурыз,
2024 жыл
Тіркеу

Жоғары оқу орны студенттері команда құрып, өтінімдерін онлайн жібереді. Команда құру кезінде технология мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы дағдыларына мән беруді ұсынамыз.

1 Cәуір,
2024 жыл
1 Cәуір,
2024 жыл
Кейспен танысу
Тіркелген командаларға Алматы қаласындағы экологиялық мәселелер бойынша кейс ұсынылады. Арнайы дерек көздері, оның ішінде экологиялық деректер жиыны, ГАЖ (географиялық ақпараттық жүйе) карталары және тиісті зерттеу жұмыстары жіберіледі.
Сәуір,
2024 жыл
Сәуір,
2024 жыл
Идея ойластыру процесі
Ұзақтығы: 1-2 апта
Командалар технология мен қоршаған ортаны қорғау туралы білімін пайдаланып, инновациялық шешім ойлап табуға кіріседі. Экологиялық деректерді талдау және тұрақты шешім ұсыну үшін дерек талдауды, машиналық оқытуды, IoT (Internet of Things) немесе басқа техникалық құралдарды қолдану мүмкіндігі бар.

Әр команда таңдаған шешімнің маңызын, технологиялық енгізулерді және қоршаған ортаға әсерін сипаттап, идеясын егжей-тегжейлі баяндауы керек.
Сәуір-Мамыр, 2024 жыл
Сәуір-Мамыр, 2024 жыл
MVP кезеңі
Ұзақтығы: 1-2 апта
Алдыңғы кезеңнен өткен командалар MVP дайындауға көшеді. Онда жобаның прототипін әзірлеп, идеясын толық көрсетуге дайындалады.

Технологиядан хабары бар командалар бағдарламалау тілдерін, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу орталарын, зерттеу тәжірибесін немесе экологиялық мәселелердің тиімді шешімін табу үшін аналитикалық құралдарды пайдаланады.
10 Mамыр, 2024 жыл
10 Mамыр, 2024 жыл
Астанадағы қорытынды кездесу (офлайн)
Қазылар алқасы ұсынылған MVP-лерді бағалап, ең үздік жобаларды таңдайды.

Финалға шыққан командалар экологиялық мәселені шешу үшін қандай технологиялық инновацияны енгізгенін баяндап, жобаны қазылар алқасының алдында қорғайды.
Made on
Tilda